Астанаға АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕРУЕНІ АТТАНДЫ: ЕЛОРДАЛЫҚТАР САПАЛЫ ӨНІМДІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА АЛА АЛАДЫ
Астанаға АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕРУЕНІ АТТАНДЫ: ЕЛОРДАЛЫҚТАР САПАЛЫ ӨНІМДІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА АЛА АЛАДЫ
Жуырда облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласының тоқсаннан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Нұр-Сұлтан қаласына аттанды. Жамбылдық шаруалардың қатысуымен 3-4 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 62 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 14 тонна шұжық, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік өнімдер мен 13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна қант, 10 тонна балық, 5,5 тонна өсімдік майы, 6 тонна бал және 336,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Елордадағы «Астана арена» спорт кешенінің маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 423,2 миллион теңгені құрайтын 495,8 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағада өткеретін болады.
«AR-AI»-ақпарат