Жаңалықтар

Көкшетауда жылу құбырының жарылуы салдарынан 3 әйел көз жұмды

Көкшетауда жылу құбырының жарылуы салдарынан 3 әйел көз жұмды

Көкшетауда пәтерлердің бірінде жылу құбыры жарылып, салдарынан 3 әйел қаза тапты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2 қаңтар күні сағат 04:44-те Көкшетау қаласы ПБ-ға үйлердің бірінде жылыту жүйесінің жарылғандығы туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы шақырту орнына жеткен. Келгеннен кейін пәтерде жылу құбырының жарылуы болғаны, салдарынан бөлмені ыстық су басып кеткені анықталды. Пәтер ішінен құлыптаулы болған. ТЖД қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, пәтерге кірген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері пәтерден 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің денесін тапты. Олар үй иесі мен оның екі құрбысы болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдердің өлімінің себебі - күйіктен болған шок. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.