Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды
Әріптестері Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан сарбаздар еске алынды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде «Мәңгілік сапта» біркүндік еске алу іс-шарасы өтіп, бір минут үнсіздік жарияланды. Осыдан тура бір жыл бұрын Ұлттық ұлан сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде жауынгерлік міндетін орындау барысында қаза тапқан еді.
Айта кетейік, марқұм Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын.