Жаңалықтар

COVID-19: Қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тарту ұсынылды

COVID-19: Қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тарту ұсынылды

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ. Айта кетсек, бүгінде Шанхай ауруханалары науқастарға толы. Күн сайын медицина мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түседі. Олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар, деп хабаралаған еді Euronews. Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкіндігі айтылды. Осыған орай бірқатар мемлекет Қытайдан келетін жолаушыларға жаңа талаптар қойған еді. Өз кезегінде Қытайдың Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа қарсы карантин талаптарын күшейткен елдерге үндеу жариялады. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың өзара араласуы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек. Сондай-ақ, ресми өкілдің айтуынша, Қытайда індеттің таралуына қатысты ақпарат уақтылы, ашық әрі заңға сай таратылып жатыр.