Әлеумет

Жаңатас қаласында жел екпіні күшейді

Сарысу ауданының Жаңатас қаласында желдің екпіні 30 м/с дейін жетуде.

 “Жаңатас су жылу" МКК жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының жұмысы үшін жеткіліксіз болуда. Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлаған. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіру мүмкіндік бермей отыр.

Бағаналардың құлауына байланысты "ЖЭС" АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмауда. “Шахан" қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алды. Соған сәйкес, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, ыстық тамақпен қамтылуда. Жылу беру электр желілерін қалпына келтірілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ауыз су кесте бойынша берілуде.

AR-AI АҚПАРАТ