Мойынқұмдағы шаруаларға әкімнің сыйқалтасы жетті
Мойынқұмдағы шаруаларға әкімнің сыйқалтасы жетті
Қойнына 111582 гектар алқапты сыйдырған Мойынқұм өңірінде 100-ге жуық шаруалар мал бағымымен айналысады. Құмды өңірге ене бергендегі жиекке тоқтамай өту маңғаз даланың заңдылығына қайшы келетіндей. Аудан атқамінерлері осы тұсқа аялдап, ұшы-қиыры жанарға сыймайтын алып өңірге осылай амандасса керек. Оның үстіне құмды өңірде бетке алған әрбір жолаушы үшін бұл үрдіс сақталып қалған. Дархан даладағы өңір шаруалары туралы сөз жұптаған Ербол Жиенқұлов: – Мойынқұм, Көделі, Шәйхана (Қоңыртөбе), Қаратау-Күйік, Ақшолақ-Жасөркен, Үлкен Бурылдағы 255 базда аудан шаруаларының малдары қыстаудан өтуде, -деді. Құмды өңір елдің байтақ жерінен сыр шертетіндей. Аудан әкімінің орынбасары бірқатар шаруаларға барып, Жаңа жылмен құттықтап, мал-жанын сұрап, құрмет көрсетті. Төрт-түлікті, қора-жайды аралап, малшылармен тілдесті.