Әлеумет

Газ бағасы келесі жылдың екінші жартысына дейін қымбаттамайды

Газ бағасы келесі жылдың екінші жартысына дейін қымбаттамайды

Еліміздің аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газыыңн бөлшек саудадағы бағасы тағы 6 ай бойы мемлекет тарапынан реттеледі, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығында айтылған. Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

Аталған құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.