Қанат Мусин жаңа жұмысы туралы: Маңызды қызметке тағайындалып отырмын
Қанат Мусин жаңа жұмысы туралы: Маңызды қызметке тағайындалып отырмын
Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусин, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев және Сергей Федорович Ударцев тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды. 29 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың төрағасы қызметіне Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды. Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Э. Азимованың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. Сонымен қатар бүгін Сенаттың жылпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды.