Сауд Арабияда қар жауды
Сауд Арабияда қар жауды
Сауд Арабиясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Табуке провинциясының Джабаль-әл-Лауз тауына қар жауды. Өңірдегі қысқы пейзаж көптеген туристерді қызықтырды, - деп хабарлайды Arabian Business.
Джабаль-әл-Лауз Корольдіктің батыс жағалауындағы Джидда қаласынан мың шақырым жерде орналасқан. Дүйсенбіде осы маңайда қар жауды, соны тамашалауға көптеген туристер мен жергілікті тұрғындар қарлы шыңдарды көруге құмартқан. Елдің солтүстік-батысындағы Алкана және Джабаль-әл-Лауз тауларына қар түсуі таңғаларлық жағдай емес, алайда, мұндай жағдай көптен бері болмаған.