Астанада қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге көше аты берілді
Астанада қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге көше аты берілді
Мәслихаттың бүгінгі отырысында Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру мәселесі қаралды. «Ономастика комиссиясының отырысында бірнеше мәселені қарастырдық. Олардың біріншісі Қоғамдық кеңестерде, Мәслихат отырыстарында талқыланды. Біз әл-Фараби даңғылын елорданың сол жағалауындағы №38 көшеге ауыстыруды ұйғардық. Бұл көпжолақты көше, Тәуелсіздік даңғылының жалғасы болып табылады. Болашақта ол үлкен даңғылдардың біріне айналады. Тағы бір ұсыныс – өздеріңіз білетіндей, «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде өрт болды. Өрт сөндіруші Асқар Забикулин қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты. Мемлекет басшысы елордалық көшелердің бірін Асқар Забикулиннің есімімен атауды тапсырды. Осылайша, «Үркер» тұрғын алабындағы №583 көшені құтқарушы Асқар Забикулиннің есімімен атауды ұсынамыз», - деді мәслихат отырысында елордалық тілдерді дамыту және мұрағат управления басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп. Спикердің айтуынша, осы көше жанында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Саят Әбеев пен Ғазиз Байтасов атындағы көшелер қатар орналасқан. Еске сала кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде бір бала ауруханаға түсті. Ал, 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған достары көмек жинады. Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.