Жаңалықтар

Ерлан Қошанов Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қашан қабылданатынын айтты

Ерлан Қошанов Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қашан қабылданатынын айтты

Келер жылдың басында өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қаралады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтты.

Оның айтуынша, бұл құжат бойынша шешім қабылданса, заңдағы нормалардың барлығынының күші жойылады.

Бүгін Парламент Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарауға қабылдады. Еске салсақ, жыл басында Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды. Сонымен қатар 2 ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдады. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы заңға түсініктеме берді.