Жамбыл жаңалықтары

Қыдыралыұлының сыйқалтасы 300 балаға табысталды

Қыдыралыұлының сыйқалтасы 300 балаға табысталды

Жаңа жыл – өткен жылға есеп беріп, алға жаңа мақсаттар қоятын сәт. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы "Жастар ресурстық орталығында" өткен мерекелік шараға қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ шарада 300-ге жуық балаларға сыйлықтар табысталды. Жастар орталығында өткен мерекелік іс шарада мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-анасыз өскен балаларға басымдылық берілді.  width=