Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік
Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті БАӘ-нің авиация билігімен бірлесіп, мереке күндері және каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын арттыру шешімін қабылдады», - делінген министрлік мәліметінде. Атап айтқанда, 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады. «Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды», - дейді ведомстводан.