Парламент Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарайды
Парламент Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарайды
ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Осы орайда ол Мәжіліс комитеті заң жобасын талқылауға алатынын айтты. Еске салсақ, жыл басында Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды. Сонымен қатар 2 ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдады. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы заңға түсініктеме берді.