ҚР Энергетика министрі Жамбыл облысына келді
ҚР Энергетика министрі Жамбыл облысына келді
–2022 жылғы шілдеде Министрліктің бұйрығымен АИ-80, 92-93, сондай-ақ дизель отынын бөлшек саудада өткізуге арналған шекті бағаларды мемлекеттік реттеу сақталды. АИ-95-ке баға бәсекелестік ортаға беріледі және оны нарық анықтайды, өйткені АИ-95 және одан жоғары өнімді өндірген кезде қымбат импорттық қоспалар мен жоғары октанды компоненттердің үлкен шығыны қажет, олардың бағасы мұнай бағасымен және айырбас бағамымен байланысты. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мұнай өнімдерін өндіру және тарату саласында ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының жетіспеушілігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдануда, сондай-ақ мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде бұйрық қабылданды және қазіргі уақытта мұнай өнімдерін тыйым салуды 2023 жылдың 1 жартыжылдығының соңына дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде,–деді министр. Сонымен қатар, баспасөз жиналысын өткізген Энергетика минстрі Болат Ақшолақов Жамбыл облысының газдандыру деңгейі республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылатынын және 94,45 пайызды немесе 1 миллион 86 мың адам табиғи газға қол жеткізе алатынын да айтты. –2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру шеңберінде 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі үшін 10 жобаны (6 жалғасуда, 4 жаңа) іске асыруға 8,4 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде алдағы уақытта 130 мыңға жуық адам табиғи газға қосымша қол жеткізе алады. Тауарлық газдың көтерме сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Энергетика министрлігі, бөлшек сауда бағасын – Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады. Энергетика министрлігі бекітетін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары газдың өзіндік құнынан және газды тасымалдауға жұмсалатын шығындардан құралады,–деді Энергетикалық ведомство басшысы. Шапағат ӘБДІР