Білім

TikTok-та өз пәнін жариялаған мұғалімдерге смартфондар табыс етілді

TikTok-та өз пәнін жариялаған мұғалімдерге смартфондар табыс етілді

Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады. Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен TikTok өкілдері құттықтады. Олар мұғалімдерге бағалы сыйлықтарды, атап айтқанда, iPhone 13 Pro Max смартфондарын, сондай-ақ контент авторы ретінде одан әрі дамып, жаңа табыстарға жетуге көмектесетін таланттарды дамыту бағдарламасына шақыруды табыс етті.