БЕЛГІЛІ БЛОГЕРЛЕР ЖАҢАТАСТЫҚ ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
БЕЛГІЛІ БЛОГЕРЛЕР ЖАҢАТАСТЫҚ ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Кездесуде түрлі ойындар ойнатылып, белсенді 150 балаға ойыншықтар таратылды. Әрі қарай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындардың көңілін бір серпілтіп тастады. Іс-шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, игі бастаманы жалғастырған жастарға алғысын білдірді. Айта кету керек, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Dvery-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Досбол Жылқыбаевтың бастамасымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, блогерлер де депутатпен бірге ауылдық округтерді аралап, білім ордасының оқушыларына оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар мен сапалы сөмкелерін үйлестірген болатын.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі