Жаңалықтар

Антикор "Қазгеология" басшылығына қатысты тергеу бастады

Антикор "Қазгеология" басшылығына қатысты тергеу бастады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады. Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиіс шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден аса сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдікке ілінген.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.