Балалар жылы. Министрлік есеп берді
Балалар жылы. Министрлік есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды – балалар жылы деп жариялап, балаларға ерекше көңіл бөлу керектігі туралы айтқан. Осы тұрғыда атқарылған жобалар туралы баяндама жасаған мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы жыл бойы 1 миллионнан баланы қамтитын 69 іс-шаралары жүзеге асырылғанын айтады.
Сондай-ақ, балалар шығармашылығына да ерекше көңіл бөлінді. Аз қамтылған отбасының балалары театр шығармашылығымен танысып, тегін қойылымдарды көріп, түрлі қайырымдылық шаралары да тұрақты жүзеге асырылып отырды дейді ол.
Жүзеге асырылып жатқан түрлі шаралар республиканың ірі қалаларында көптеп өткізіліп жатқандай. Ауылдық жерлерде қалай жүзеге асырылып жатыр деген сұраққа:
Қазіргі таңда өңірлерде дарынды балалар көп. Мемлекет тарапынан да осындай дарынды балаларға арналған байқаулар да ұйымдастырылуда. Биыл арнайы байқаулардың талаптарында аса бір өзгеріс жоқ. Бірақ, вице-министрдің сөзінше, балалар байқауларының барынша сапалы болуына ерекше мән берілді.