Әлеумет

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбав Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, білім, спорт, жастар және дін саласындағы ағымдағы жылдың қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 10 мыңнан астам қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізген. Ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 142 жобаға 1 162,2 теңге қаржы бөлінген. 2020 жыл ы бастау ал ған «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы биыл Тараз қаласы мен аудандардағы этнос өкілдері тығыз орналасқан елді мек ендерде жалғасын тапты. Жыл соңына дейін белгіленген барлық елді мекендер қамтылады. Мониторинг аясында анықталған тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін мәселелер қауіп-қатерлер картасына енгізіліп отырады. Қауіп-қатерлер картасына тіркелген жыл басында 39 мәселе болса, оның 10-ы өз шешімін тапты. Сонымен қатар биыл білім саласы бойынша да атқарылған жұмыстар аз емес екен. Атап айтар болсақ, биыл білім саласына 238,4 миллиард теңге бөлінген. Салаға қаралған қаржы өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық екенін айтқан аймақ басшысының орынбасары білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. – Биыл 27 білім нысанының құрылысына 7,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 14-і пайдалануға берілді. Ал қалған 13 нысанның құрылысы 2023 жылы аяқталады. Облыс бойынша 78 мектептен тыс мекемеде 68 570 оқушы, 39 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 30 410 бала және жалпы білім беретін мектепбін 126 000 оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Бұл 75,5 пайызды құрайды. 2022-2023 оқу жылында 7 922 мүмкіндігі шектеулі баланың 6 233-і оқумен және тәрбиемен қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдардың 80 пайызында, мектептердің 88,9 пайызында инклюзивті білім беру үшін тиісті жағдайлар жасалған, – деді Е.Үйсімбаев. Өңірімізде қосымша білім беруге де ерекше ден қойылуда. Қазіргі таңда аймақта 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істейді. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 13 мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар мәдениет, спорт, дін және жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталған Еркін Құлымбайұлы жаңа жылға дейін жоспарланған жұмыстардың бәрі еңсерілетінін, жыл ды жақсы нәтижемен қорытындылайтынымызды жеткізді.

Шапағат ӘБДІР