Спорт

Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы биіктікке көтерілу класындағы альпинизмнен әлем чемпионатын қорытындылады. Бірінші орынды қиындық категориясы 6Б солтүстік-батыс қабырғасы бойынша Верный шыңына (5 250 м) алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы иеленді.

Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді. Команданы спорт шебері Максим Тен басқарды, жаттықтырушылар – спорт шеберлері Артем Скопин және Вячеслав Титов. Бүкіл бағыттың ұзындығы – 1 670 м, биіктік айырмашылығы – 910 м. Команда бағыт бойынша 6 күн жүріп, арнайы платформада түнеді.

Шыңға өрлеушілердің айтуынша, Верный шыңының солтүстік-батыс беткейіне көтерілу үлкен қызығушылық тудырған. Себебі, қабырғалар тік, ал кейбір тұстары еңіс келеді, ішкі бұрыштар және шодыр тастар бар.