Әлеумет

Кредитті кешіру. Сенаторлар халықтың борышын азайту жолдарын талқылады

Кредитті кешіру. Сенаторлар халықтың борышын азайту жолдарын талқылады

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Отырыс барысында өмірі қиын жағдайға тап болған және өзінің борышын өтеуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың проблемаларын шешу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге Жоғарғы соттың, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық банктің және басқа да бірқатар ұйымдардың өкілдері де қатысты. Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша көтерілген мәселелердің бәрі комитет депутаттары тарапынан заң шығару қызметі аясында назарға алынатынын атап өтті.