Тасөткел су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары қарқынды жүруде
Тасөткел су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары қарқынды жүруде
Учаске басшысы Мұрат Есенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда су қоймасының тоспасы салынуда. Құрылыс жұмысына 26 техника мен 38 құрылысшы жұмылдырылған. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған. Жалпы су қоймасындағы сейсмикалық күшейту жұмыстары алдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланған десек, тоспаны осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделуде. Облыс әкімі су қоймасының маңыздылығын еске салып, суды ертерек жинау керектігін айтты
Қазіргі таңда тоспаның табанынан бастап, су ағар науаға дейінгі биіктікті бетондау жұмыстары жүргізілген. Ендігі жерде құрлысшылар су тоспасының ең жоғарғы бөлігі, қауіпсіздік тоспасының құрылыс жұмысына кірісіп кеткен. Ол қауіпсіздік тоспа су қоймасына сел, басқа да табиғи жағдайда бір миллиард текшеметрге дейін су қабылдап, оның нысанға төндірер қауіпін азайтып, бес су науасы арқылы төменге ағып кетуіне мүмкіндік бермек. Жалпы мұнда барлық қауіпсіздік шаралары назарға алынған. Мұрат Есенбаев ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында бетондау жұмыстарын аяқтайтынын, сол күннен бастап су жинай беруге болатындығын айтты. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мердігер өкілдеріне құрылыс жұмысын сапалы, үздіксіз жүргізіп, жоспарға сай тапсыруды жүктеді.