ҚАРЖЫНЫҢ ИГЕРІЛУІНДЕ ҚАРҚЫН БАР
ҚАРЖЫНЫҢ ИГЕРІЛУІНДЕ ҚАРҚЫН БАР
Сөз етілген жобалар аясындағы 146 нысанға қаржы «Нұрлы жер», 45-іне «Ауыл – ел бесігі», 33-іне «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары арқылы бөлінсе, 3 нысан құрылысына қаражат Үкімет резервінен алынды. Қалғаны білім беру субвенциялары есебінен қаржыландырылды. Осы жылы 7,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, 15 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. 13 нысан 2023 жылға өтпелі. Денсаулық сақтау саласы бойынша сметалық құны 63,3 миллиард теңгені құрайтын 27 нысанның (9-ы 2021 жылдан өтпелі) құрылысына биыл 33,3 миллиард теңге қаржы бөлініп, жыл соңында 20-сы тапсырылады. Спорт саласында облыс бойынша 2,7 миллиард теңгеге 19 нысанның құрылысы жүріп жатса, (сметалық құны 6,9 миллиард теңге), нәтижесінде 8 спорттық сауықтыру к ешені пайдалануға беріледі. 11 нысанның құрылысы келер жылы да жалғасады. Бүгінгі күнде Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылындағы және Талас ауданының Ақкөл ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталған. Мәдениет саласы бойынша сметалық құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысына (1-еуі 2021 жылдан өтпелі) 1,7 миллиард теңге қаржы бөлініп, осы жылы 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. 6 нысанның құрылысы келер жылы да жүргізіледі. Бүгінгі күнде Шу ауданының Қонаев ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Өңірде әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл құрылыс саласына 225,9 миллиард теңгеге инвестиция тарту межеленіп, құрылыс жұмыстарының көлемін 100,4 пайызға орындау белгіленген болатын. Қаң тар-қараш а айл арын д а құрылыс жұмыстарының көлемі 101,6 пайызға орындалды, – дейді Ерболат Мақсұтқанұлы. Е.Ыбрайхановтың айтуынша, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін осы жылы 689 мың шаршы метрге орындау жоспарланған екен. Оның ішінде 28 пайызы бюджет қаражаты, 72 пайызы жеке инвестиция есебінен орындалып отыр екен. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 36 566 азамат тіркеуде тұр. Осы жылы құны 24,7 миллиард теңгеге 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 680 пәтерлі тұрғын үйдің 11-і арендалық, 3 648 пәтерлі 56 тұрғын үй кредиттік. Ал 60 пәтерлі 1 тұрғын үй пилоттық жоба бойынша салыныпты. Жыл соңына дейін 2 740 пәтерлі 41 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде 1 320 пәтерлі 19 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасымен 121 жеке тұрғын үйдің құрылысы жоспарланса, оның ішінде 72-сі жаңа құрылыс, 26-сы күрделі жөндеу, 23-і сатып алу есебінен жүзеге асқан.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ