Қоғам

САЙЛАУ-2023

САЙЛАУ-2023

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығы сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы

Жамбыл облыстық «AR-AI» газетінде орын  беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес облыстық «AR-AI» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын мақала түрінде жариялайды.

Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; 4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісім-шарт жасасады. Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «AR-AI» газетінің кезекті саны жарыққа шығардан  үш  жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.

Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі

Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісім-шартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығы сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы

ПРАЙС-ПАРАҚША

«AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газеттің меншік иесі: - «АR-AI» (форматы D2; шығу жиілігі аптасына 2 рет: сәрсенбі, сенбі; тілі: қазақ, орыс; газеттің бірінші және соңғы беттері түрлі түсті; ішкі беттері қара түсті, бір реттік таралымы – 5 000 дана). Жоғарыда көрсетілген газетте материалдарды орналастыру бағасы: - 1 (бір) шаршы сантиметрі 350 (үш жүз елу) теңге ҚҚС-ны қоса алғанда, бірінші беттен басқа.