Заң

Депутаттар Парламент Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Депутаттар Парламент Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламент Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыны қабылдады.

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Парламент Регламентіне енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар жайында айтып берді.

Енді Конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. Конституциялық заң жобасы Парламент Мәжілісінде тіркеледі. Заң жобасының көшірмесі екі күннен аспайтын мерзімде Сенатқа жұмыс істеу үшін жіберіледі. Сонымен қатар екінші оқылымға дейін бірлескен комиссия қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, конституциялық заң жобасы бойынша тұрақты комитеттер мен депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау бойынша жұмысты жүргізеді.

Онымен қоса, Конституцияның 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Парламентке енгізілген Үкіметтің заң жобаларын дереу қарауға қатысты.

Заң жобасы Парламент Мәжілісінде тіркеледі. Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын заң жобасы келіп түскен күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шақырады. Үшінші өзгеріс – ол жеке тарауда Парламенттің Премьер-министрдің баяндамасын тыңдау рәсімін көрсету ұсынылады. Сонымен бірге Конституцияның 53-бабына сәйкес келтіру мақсатында конституциялық заңдар бойынша Президенттің ұсыныстарын Парламенттің қарау тәртібі туралы Регламентке жаңа 4-3 тарау енгізіледі.