Спорт

Хорватия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Хорватия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Катардағы футболдан әлем чемпионатында үшінші орын үшін матч өтті. Хорватия құрамасы Марокконы 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға қол жеткізді. 

Қола үшін ойында Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті. Есепті 7-минутта хорватиялықтар ашқанымен арада екі минут өткенде марокколықтар таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші таймның соңында Оршич гол соғып, Хорватияға жеңісті әперді. Хорватия - Марокко 2:1 (2:1) ГОЛДАР: 7 мин. Йошко Гвардиол (1:0) 9 мин Ашраф Дари (1:1) 42 мин. Мислав Оршич (2:1) Осылайша Хорватия құрамасы қатарынан екінші Әлем Чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Төрт жыл бұрын Ресей жерінде Хорватия күміс жүлде жеңген болатын.