Білім

ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БӨЛДІ

ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БӨЛДІ

Өзбекстан қазақстандық студенттерге мемлекеттік грант бөлді. Отандастарымыз Самарқандтағы халықаралық туризм университетінде тегін білім алып, магистрлік дәрежеге ие болады. Қазір оқу орнында 80-ге жуық шетелдік білім алады. Соның бесеуі - қазақстандық. Биыл оқуға қабылданып, қызмет көрсету саласы бойынша біліктілігін арттырып жүр. Ай сайын шәкіртақы алады. «Келер жылы да талапкерлерге есік ашық», - дейді университет ұжымы. Оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Орталық Азия бойынша тек туризм саласына негізделген жалғыз оқу орны. Айта кетейік, біздің ел де екіжақты келісімдер негізінде Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік грант бөледі. Ирина Мұхамедназарова, «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің бөлім басшысы: - Былтыр Президентіміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер азаматтарына 85 грант бөлуді тапсырған болатын. Магистратура бағыты бойынша осы елдерден 78 студент білім алып жүр. Қабылдау әлі де жалғасады. 10-қаңтарға дейін Қазақстан азаматтары құжаттарын тапсыра алады. Шәкіртақы 500 доллар көлемінде. Қосымша ынталандыру түрлері де бар. Гүлхайо Сайдахметова, студент: - Болашақта Қазақстанда туризмді дамыту. Қазақстанды, Өзбекстанды. Сосын Қазақстанда туристік агенттік ашуды жоспарлап отырмын.