ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Бүгінгі күні портал арқылы 55 оңалту техникалық құралдарының (ОТҚ) 24 түріне және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады. Тұтынушы тапсырыс берген соң таңдалған жабдықтардың құны мемлекет есебінен өтеледі. Алайда тауарлар стандартта көрсетілген бағадан аспауы тиіс. Тауардың немесе қызметтің сапасына өнім берушінің өзі тікелей жауапты болады. Порталдың тиімділігі мен пайдасы оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін дербес таңдау құқығын береді. ОТҚ алу мерзімі 6 айдан 15 күнге дейін қысқартылады. Бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар делдалдық қызметтер алынып тасталады. Бағаны біріздендіру арқылы бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Осы аталмыш қызмет түрін Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары қолдана алады. Ауылдық жерлерде ғаламтор желісіне, ұялы телефонға қолы жетпеген мүгедектерге порталды пайдалануға және техникалық оңалту құралдарын таңдауға жергілікті атқарушы органдар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құра отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен мамандары электронды цифрлық қолтаңба алуға және оңалту жабдықтары мен қызметтерін алуға, таңдауға көмектеседі.
Ақмоншақ Шырынханқызы, облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы