Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш қызметінен кетті, Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы ширек финалға дейін жетті. Жарыстың аталған сатысында олар Мароккоға жол берді. 68-жастағы маман ұлттық құрамаға 2014 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Оның жетекшілігімен Португалия 2019 жылы UEFA Ұлттар лигасында чемпион атанды. Португалдық футболшылар 2020 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финалда Бельгияға жеңілсе, 2018 жылғы әлем чемпионатында жарыстың аталған сатысында Уругвайға есе жіберді. Еске салсақ, бұдан бұрын Нидерланд құрамасына бас бапкер тағайындалды