Министр 2037 жылға дейін жылу желілерін жаңартатынын айтты
Министр 2037 жылға дейін жылу желілерін жаңартатынын айтты
2023 - 2037 жылдар аралығында жылу желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту жүргізілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Бірінші кезеңде, яғни 2023 жылдан 2030 жылға дейін ұзындығы 1,6 мың шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр, бұл тозу деңгейі 75 пайыздан астам желілер, – деді Өскенбаев. Министрдің сөзінше, бұған тартылатын инвестиция көлемі – 538 млрд теңге.