Жамбыл облысында әскери қызметші көшеде адамдарды ұрып, бөтеннің үйіне басып кірген
Жамбыл облысында әскери қызметші көшеде адамдарды ұрып, бөтеннің үйіне басып кірген
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында әскери киімдегі белгісіз ер адам тұрғындардың үйіне кіріп, соққыға жыққан. Басылым мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанында болған. Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен. Шабуылдан кейінгі кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода ер адам әскери қызметшіні бетін төмен қаратып ұстап тұрғаны көрінеді. Кейінірек видеода сол көзінің асты көгерген әйел көрінеді. Кадр сыртындағы дауыс ол зардап шегуші екенін айтады. Ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бетінен ұрғаны белгілі болды. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен 22 жастағы әскери қызметші полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді. Бұл дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен соталды тергеу амалдары басталды.