Тараз: жаңа әкім 100 күнде не істеп үлгерді?
Тараз: жаңа әкім 100 күнде не істеп үлгерді?
* Тараз қаласында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 3 жылдық жоспары әзірленді; * Тараз қаласының Бас жоспары қайта қаралып, көлік-логистикасы мен сырт келбетін жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін түзетулер енгізілді; * «Ұлы дала» (15 ш/а) шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспары қайта қаралып, өзгерістер енгізілді. Қайта жасалған жоспар қоғамдық талқылауға ұсынылады; * 15-ші мөлтекауданның коммуникациялық желілерін ауыстыру басталды. Бүгінгі таңда 109 метр желі ауыстырылды; * 14-ші шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспары қайта жасалып инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (газ, электр, жылу, су, кәріз және сыртқы байланыс желілері) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы өзгерістерге сәйкес, жүргізілген инженерлік-инфрақұрылым желілерінің қуаттылығы 2 есе өсті; * Жасыл қаланың сыртқы келбетін жақсарту әрі тиісті күтім жасау үшін Тараз қаласындағы саябақтарда қызмет көрсетудің ережесі бекітілді; * Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты 21.00, 24.00-ге дейін ұзартылды; * Қосымша жаңа 30 автобус алынды (шекарада тұр); * Шөлдала, Казарма, Химик алқаптарындағы жарықтың тариф құны төмендетілді, абоненттеу жұмыстары басталды; * №61 мектеп айналасында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді: тротуар салынды, жарық жүргізіліп, аялдама орнатылды. * Шөлдала алқабында канал үстіне көпір орнатылды; * Тектұрмас тұрғын алқабына 10 маршрут іске қосылды; * Құмшағал, Қызыл-Абад, Көлтоған алқаптарына 54А бағыты жүре бастады. * 130 шақырым қараусыз қалған су құбырлары балансқа алынды; * Алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті; * 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері өтті; * 14 жеке қабылдау өткізіп, 157 азаматты сұрақтарымен қабылдады.
Тараз қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасынан