ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ «QALJA» ОРТАЛЫҒЫ
ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ «QALJA» ОРТАЛЫҒЫ
«Қалжалы әйелден олжалы ұл өседі» деген қазақ нақылы бар. Жас босанған ананың буын-буыны бос, тісі әлсіз, күш-қуаты аз болады. Босанып келген соң дұрыс қалжаланбаған әйел денсаулығындағы асқынулар бастапқыда білінбегенімен келесі жүктілікте немесе кейін шыға бастайды. Сондықтан әрбір әйел үшін босанғаннан кейінгі күтім өте маңызды. Аталмыш орталық жас аналарға алғашқы 1-2 апта ішінде қолайлы және қауіпсіз ортада білікті постнатальдық күтімді қамтамасыз етеді. «Qalja» ана мен балаға күтім жасау орталығының директоры Қайрат Рахметов босанғаннан кейінгі әйелдерге күтім көрсету орталығы әлемде үшінші, Қазақстанда бірінші рет ашылып отырғанын айтады. – Мұндай орталық алғаш рет Қытайда, кейін Кореяда ашылған. Бірақ Кореяда мықты дамып кеткен.Бір жыл бұрын біз Қазақстанға осы жобаны әкелуді жоспарлап, зерттедік. Сонымен бірге қазақтың қалжалау салтын к ореялық күтіммен ұштастырдық. Біздің елде қалжалау дәстүрі болғанымен, бірақ қазақ әйелдері бүгінде дұрыс қалжаланбайды. Сол жағын да біз жолға қойып отырмыз. Ашылмас бұрын әлеуметтік желіде және көпшілік ортада әйелдердің өзін-өзі бағалауы жайлы сауалнама жүргізген болатынбыз. Онда «Егер әйел және бала күтімін жасайтын ақылы орталық ашылса, келер ме едіңіз?» деген сауалға: «Жоқ, орталыққа кеткен ақшаға тамақ алмаймын ба?», «Күйеуім не дейді?», «Енем ренжиді» деген сыңайда жауап алдық. Расымен, біздің әйелдер өз-өзін дұрыс бағаламайды, денсаулығына мән бермейді. Денсаулығы дұрыс, психологиясы тұрақты әйелден дені сау ұрпақ дүниеге келеді. Біздің мақсатымыз да сол, – дейді кәсіпкер. Әйелдің денсаулығын қалпына келтіріп, нәрестенің аман-сау өсуі үшін орталықта аналар терапевт, гинеколог мамандардың бақылауында болады. Сондай-ақ косметолог қызметі, SPA массаж, ана мен балаға жеке бөлме қарастырылған. Босанған әйелдің депрессиялық күйімен арнайы психолог жұмыс істейді. Бұдан бөлек 20-дан астам қызметтер көрсетіледі. 4 мезгіл дәруменге бай, құнарлы тамақ беріледі. Экологиялық таза материалдарды пайдалана отырып салынған үй-жайларда бала мен ананың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профессор-оқытушылар құр а мын ың , а к уш е рл і к жә н е гинекология, педиатрия кафедралары қызметкерлерінің барлық күш-жігері мен білікті дағдылары тәулік бойына жұмылдырылған. Сонымен бірге мұнда тек босанған аналар ғана емес, болашақ аналарға да көп жағдай қарастырылған. Ана болу – маңызды қадам. Оған да әрбір әйел психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Құрсақта бала пайда болғаннан бастап ішіп-жемі мен жүріп-тұруына мән бергені дұрыс. Әсіресе алғаш рет ана атанайын деп отырған әйел жүктіліктің не екенін білмейді. Бұл кезеңде адам бойында физиологиялық өзгерістер пайда болып, ол әйел психологиясына әсерін тигізеді. Біздің орталықтағы мамандар осы мәселені ескеріп, болашақ аналарға кеңес беріп, жүктіліктің әртүрлі кезеңдеріне бағытталған бағдарламамен таныстырады. Негізі біздің орталықта 1 аптадан 40 күнге дейін жатуға болады. Қазақ келіншектері ары кетсе 1 апта ғана жатып, ары қарай үйде амалдаймыз деп шығып кетіп жатады, – дейді «Qalja» ана мен балаға күтім жасау орталығының менеджері Меруерт Нұрланқызы. Бүгінде орталықта 20 шақты әйел бар. Орталықтың «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшаларына жазылушылардың да қатары көп. Онда жазылған пікірлерге қарап-ақ аталмыш орталықтың дер кезінде ашылғанын, жас аналарға қажеттілігі бар екенін аңғаруға болады. Босанған соң бала күтімі бойынша «Qalja» орталығында сәбиімен күтініп жатқан қала тұрғыны Майра Орынбасарқызы мұндағы артықшылықтар туралы айтып берді. – Мен алты баланың анасымын. Қазіргі таңда орталықта қалжаланып жатырмын . Ортал ық жайл ы «Instagram» әлеуметтік желісінен көріп, біраз ақпарат жинадым. Босанған соң осында арнайы келіп, күтініп жатырмын. Мұнда анаға да, балаға да жеке күтім жасалады екен. Баланы шомылдырып, массаж жасап, сонымен бірге әрбір жаңа туған сәбилерде кездесетін сарғыштануға да арнайы шамға жатқызып қарайды. Бала қараушысы мен медбикенің жұмысы, балаға ыждағаттылықпен қарайтыны ұнады. Жаңа босанған ананың демалып алуына мүмкіндік мол екен. Аналарға да массаж жасалады. Босанған соң әйелдердің беттерінде өзгеріс болатыны жасырын емес. Соған байланысты мұнда косметикалық процедуралар жасалады. Әсіресе асханалары тамаша. Дәмді, құнарлы сорпалар жас аналарға пайдалы. Қалжаланып, терлеп ішесің. Барлық қыз-келіншектерге осында келуге кеңес берер едім, – дейді Майра Орынбасарқызы. Кәсіпкер алдағы уақытта еліміздің барлық аймағынан «Qalja» орталықтарын ашуды жаспарлап, қазіргі таңда инвестор іздеуде. Мұнда аналардың нәрестелері 1 жасқа толғанға дейін демалуына да мүмкіндік қарастырылуда.
Айжан ӨЗБЕКОВА