Әлеумет

СОҒЫМНЫҢ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР

СОҒЫМНЫҢ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР

«Ай қораланса айырыңды, күн қораланса күрегіңді сайла» демекші, қақаған қыстың қаһарына қазы-қарта жеп қана шыдап беретін соғым айы да басталып кетті. Мұндайда қазақ баласы тай жеген қасқырдай аласұрып, елегізіп тұрады. Қарттар болса қазы шайнап, қаны ойнап, кәріліктің қаруына бір сәт қарымта қайтарғандай мәз болады.БІРЕУ ҚОЙ СОЯДЫ, БІРЕУ ТАЙ СОЯДЫ

Қалай десек те «Ет етке, сорпа бетке» деген қазақ үшін соғымның орны бөлек. Алайда сол соғымын табан қазы шығарып сойып алатын қазақта азайып бара жатқан сыңайлы. Оған қазіргі әлеуметтік жағдай мен қымбатшылық себеп болып отыр. Сол қалтаның жұқалығынан қазы-қартаны тек тойда ғана көретін болдық деп кейиді кей ауыл тұрғындары. – Қазір қазақтың дастарқаны тарылған заман ғой. Әрине, әлеуметтік жағдайдың төмендігі бай мен кедейдің аражігін ашып-ақ жіберді. Бұрынғыдай соғым басына жиналып гу-гу әңгіме соғып, қуырдақ жеп қарық болатын заман кетті. Әркімнің өз соғымы өзіне. Біреу қой сояды, біреу тай сояды, біреу сиырдың сирағын алса, біреу жағдайына қарай жылқының жарты етін алады. Оған бола ешкімді кінәлай алмайсыз ғой. Ет деген алтын мен доллар сияқты болды. Бағасы қыс түскен сайын шарықтайды. Қанша жерден мал өзімізден шыққанымен жемшөбі қымбат. М ал д ы борд ақыл ауд ың өзі еңбек пен күшті, төзімді талап етеді. Сондықтан ауыл тұрғындары қазір бүтін соғым дегенді ұмытты. Бес-алты отбасы бірігіп бір соғым сойса, кейде жарты-жартыдан бөлісіп алып жатады. Негізі соғым айы қазақтың бірлігін нығайтатын ай.Бұл айда ауылдастар жиналып, бір қазаннан ас ішіп, мәре-сәре болса, бала-шаға бірге ойнап, у-шу болып жатады. Міне, мұның өзі бір театр емес пе? Демек, біз кешегі соғым дәуірінен ғана емес, ет пен қазы-қартадан ғана емес, бір қымбатшылықтың зардабы салдарынан өзіміздің қымбатты құндылықтарымыздан айырылып отырмыз, – дейді Байзақ ауданының тұрғыны Шерхан Алатауов. Біз базардағы бағаға назар салғанымызда бордақы тайлар 400-450 мың теңге, құнандар 520-580 мың теңге аралығында сауд а л ан ып жатқан ын аңғардық. Ту биелердің бағасы – 700-800 мың теңге. Ал «Ауыл-береке» базарында жая – 3 200-3 500, қазы – 3 800-4 200, жылқы еті – 2 800-3 000, қарта – 1 500-2 000, қарын 600-800 теңгеден саудаланып жатыр. Сондай-ақ сиыр еті 2 300-2 700 теңгеден өткерілуде. Қымбатшылықтың себебін сұрасаң ыз , сауд аге рл ер өздерінің де етті сырттан сатып алып, бөлшек теп сатып жатқанын айтады. Әрі күннің суығында азаннан кеш батқанша тұрып сауда жасаудың оңай емес екенін айтып, жыларман болады. Ал мал бордақылап, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар қымбатшылықтың себебін жемшөптің бағасымен байланыстырды. Айт уларынша, жоңышқа түгінің бағасы 1 200 теңгеден басталса, сабан – 500-600, жантақ 750 теңгеден сатылып жатыр екен. «Жапалақты тасқа ұрсаң да, таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі» деген осы. Қалай тартсаң да халық қиналады. Тағы бір айта кететін жайт, әлеуметтік желілерде де ет саудасы қызып тұр. Науқан кезінде «Instagram», «OLX. kz» арқылы ет сатып жүрген кәсіпкерлер тіпті «Kaspi.kz» арқылы бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырыпты. Әлеуметтік желі арқылы саудаланып жатқан еттің бағасы базар бағасына қарағанда төмен. Мысалы, «Instagram» әл еуметтік жел ісінд егі «Амангелді. Ет.Тараз» парақшасын жүргізіп отырған кәсіпкермен тілдескенімізде жылқы етінің келісін 2 300 теңгеден сатып жатқанын айтты. Осылайша қазіргі соғым бағасын бажайлап, ет халықтың тісіне емес, түсіне жиі кіріп жүргенін түсінгендей болдық. МАЛ ҚЫСТАТУ - МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ Амандық-саулықтың өзін «Мал-жаның аман ба?» деп малдың амандығынан бастайтын қазақ үшін малды қыстату, төлдету қашаннан да маңызды болған. Ендеше аймағымызда мал қыстату науқаны қалай жүріп жатқанына да тоқтала кеткенді жөн көрдік. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек, биыл егістік алқаптар мен табиғи шабындықтардың есебінен 1,8 миллион тонна пішен, 64,1 мың тонна пішендеме, 494 мың тонна сабан, 65,5 мың тонна сүрлем әзірленген. Өткен жылға қарағанда мал азығы 150,3 мың тоннаға артық дайындалған. Бұдан бөлек өңірде өткен жылдан қалған 82,5 мың тонна пішен, 47,6 мың тонна сабан қоры бар. Сондай-ақ дәнді дақылдар балансы бойынша 372 мың тонна астық жемге бөлініп, олар арнайы шаруашылықтарда сақталуда. Облыста жыл сайын 89,4 мың тонна құнарлы жем шығаратын 4 кәсіпорын жұмыс істеуде. Оларда бүгінге дейін 35,4 мың тонна құнарлы жем өндірілген. – Жалпы 2022-2023 жылдардағы мал қыстату науқанына 503,8 мың мүйізді ірі қара, 3,3 миллион қой мен ешкі, 168,5 мың жылқы, 8,3 мың түйе түсуде. Барлық төрт түлік өңіріміздегі 5 862 қыстауға орналасқан. Оның 1 020-сы шалғайдағы жайылымдарда, яғни құм зонасында жайғасқан. Дайындалған мал азығының негізгі бөлігі қыстауларға дер кезінде жеткізілуде. Бүгінгі күні аудандарда құрылған арнайы штаб аудан әкімі орынбасарының басшыл ығымен жұмыс істеуде. Аталған штаб мал қыстату науқанында т уындаған мәселелерді (жолды тазалау, техикамен жәрдем беру сияқты) жедел шешуге бағытталған. Алдын ала атқарылған шаралардың нәтижесінде қазіргі уақытта шаруашылық субъектілерінде мал қыстату шығынсыз және қиыншылықсыз өт уд е, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Жанұзақов. Мейлі, қалай болмасын қылышын сүйретіп келген қыстың қаһарына ұшырамай, мал-жанымызды аман алып шығу қамына кіріскеніміз өзге емес, өзімізге пайдалы екені анық.

Ш.ӘБДІРҰЛЫ