СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТУДА
СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТУДА
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарға және «Kazakh Invest» облыстық филиалымен ынтымақтастықты нығайтудағы жоспарлы шараларға тоқталды. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 311,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артқан. Сондай-ақ, осы жылдың алғашқы екі тоқсанында 12,9 миллион доллар шетелдік инвестиция тартылған. Облыста жалпы құны 2 триллион теңге болатын 75 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Ол бойынша 8800 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 2022 жылы индустрияландырудың бірыңғай картасы аясында жалпы көлемі 56,7 млрд теңгеге 8 индустриялық-инновациялық жоба іске қосылып, 395 жаңа жұмыс орны ашылды. Тауар экспорты 216,7 млн (өсім 85,1%), импорт $60 млн (өсім 17,6%) АҚШ долларын құраған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев инвестициялық келісімшарттар саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Әлеуетті инвесторларды қызықтыратын преференциялар туралы айта келе, олардың Жамбыл облысының ауқымды инвестициялық мүмкіндіктерін ашуға көмектесетінін жеткізді. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері облыстың инвестициялық штаб құрудағы тәжірибесін оң бағалады. Кездесу барысында француздық «Saintgobain» компаниясының (құрылыс материалдарын шығаратын зауыт), түріктің «YildirimHolding» (кальциленген сода өндірісі), «Koyuncugroup» (химиялық өнім шығаратын зауыт құрылысы) компанияларының өкілдері сөз сөйледі. Аталған ірі жобалар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асуда.