СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН БАС ТАРТУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН БАС ТАРТУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
– Бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында облыс д еңгейінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтқанда, аудандарда сервистік әкімдіктер іске қосылып, «Адалдық алаңдары» ашылды. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру шаралары қабылданды. Мұның бәрі мемлекеттік қызмет саласында жемқорлықты болдырмауға әрі алдын алуға мүмкіндік береді, – деді Ерболат Махсұтханұлы. Келесі кезекте ҚР Сыбайлас жемқорл ыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің обл ыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов сөз алып, сыбайластықтың алдын алу мақсатында биыл 300-ден аса іс-шара өтіп, онда 20 мыңға жуық адам қамтылғанын, қоғам мүшелерін ақпараттан д ыру мақсатынд а обл ыс көл емін д е аген ттік ті ң CALL-орталығының «1424» нөмірі бейнеленген 112 баннер мен 30 мыңнан астам арнайы жадынама таратылғанын тілге тиек етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және алдын алу бағытында департаменттің бастамасымен әртүрлі мақсатты топтар арасында іс-шаралар тұрақты өтуде. Жалпы мұндай шараларға мемлекеттік қызметшілер қатарынан құрылған спикерлер пулы мен облыстық жас көшбасшылар спикерлер пулының мүшелері тұрақты түрде қатысуда. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын насихаттау бойынша облыстың зиялы қауым өкілдерінің, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен квазимемлекеттік мекеме өкілдері арасында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы к омиссия отырыстарында жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары қаралды. Сонымен қатар облыс бойынша қоғамдық кеңес жанындағы және «AMANAT» партиясының облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланып, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тәуекелдерді жою жолдары пысықталды. Өздеріңізге мәлім, елімізде сыбайлас жемқорлық фактісімен сотты болғандар үшін жаза қатаңдатылды. Осы мақсатта мемлек еттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмыскерлерін түзеу мекемелеріне арнайы алып бару шаралары қолға алынды. Жыл басынан бері 200-ден астам азамат жабық мекемелерге барып, ондағы жағдайды көзбен көрді. Ал Еріктілер жылы іске қосылған «Adal kómek» жобасы аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету аясында бірқатар мәселелер шешімін тапты. Мәселен, ағымдағы жылы 3 мыңға жуық тұрғынға тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен мемлекеттік орган басшылары құқықтық көмек көрсетті. Осылайша отызға жуық азаматтың құқығы қорғалды, – деді Ернар Мақажанов. Мұнан соң жиналғандар назарына «Адалдықтың алып жаршысы – Жамбыл Жабаев» тақырыбындағы адалдық сағатының көрсетілімі ұсынылды. Сондай-ақ «Парасатты отбасы – берекенің бастауы» атты қойылым қойылды. Мұнда «Парасатты отбасы-2022» облыстық конкурсында жеңімпаз атанған отбасы мүшелері өнер көрсетті. Бұдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте елеулі үлес қосқан «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев пен бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар форум барысында «Әділдік жолы» облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова өз пікірін ортаға салды. Ол өз сөзінде облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында ағымдағы жылы «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы жалғасын тапқанын тілге тиек етті. – Әрбір мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетін факторлардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық бар жерде дам у болмайды. Біздің мақсатымыз – адал ұрпақ қалыптастыру арқылы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Себебі бойында адалдық, әділдік пен парасаттылық қасиеті бар жан ешқашан жемқорлыққа бармайды. Қазақстан Респу блик асының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Ағымдағы жылы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы жұмысын жалғастырды. Оның аясында 320 іс-шара ұйымдастырылып, 20 мың азамат қамтылды. Сондай-ақ биыл «Парасатты отбасы» «Үздік сынып», «Парасатты басшы» және «Ақындар адалдықты жырлайды», «Адал еңбек көрінісі» шаралары жалғасын тапты. Жалпы өңір бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 12 адам тәртіптік жазаға тартылса, 1 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деді Назима Дәрменқызы. Бұд ан к ейін сөз ал ған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Данияр Нұрмұханбет өңірдегі ірі жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. – Жоғары оқу орындарында ак адемиялық қағидаттарының бұзылуынан сыбайлас жемқорлықтың қаупі әбден болуы ықтимал. Мұндай қауіптің алдын алу үшін университетімізде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі жастарды дұрыс тәрбиелей алмасақ – бәрімізге сын. Жас ұрпақтың тура жолдан тайқуы, бұзылуы және өз елінің қазынасына қол сұғуы – тәрбиеге байланысты. Осы себепті бұл істе ел ағалары, аға буын мен барлық қоғам мүшелері атсалысуы керек, – деді Данияр Ысқақұлы. Форум с оңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте елеулі еңбек етіп жүрген азаматтарға облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Болат Жылқыбаевтың Алғыс хаты тапсырылды.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ