Жамбыл жаңалықтары

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН ШЫҢДАДЫ

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН ШЫҢДАДЫ

Меркі ауданында ұсақ малдардың обасы бойынша үш күндік семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – аса қауіпті жануарлар ауруының жаппай халық арасында таралуына тосқауыл қою.

Жалпы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді іске асыру негізінде 2022-2023 жылдары облыстарда симуляциялық жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл іс-шара да соның бір көрінісі. Ұсақ малдардың обасы тіркелген жағдайда ветеринарлық мамандардың сапалы қызмет жасап, кәсіби көмек көрсетудегі даярлықтарын арттыруға арналған іс-әрекеттер осы жиында көрсетілді. Семинарда баяндама жасаған облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың айт уын ша, Тараз қал асы жән е 10 аудандық ветеринарлық стансада 160 ветеринарлық пункттер құрылған. Онда 1 336 адам еңбек етіп жатса, оның ішінде 360-ы жоғары білімді маман, ал 619-ы арнайы орта білім игергендер. Ветеринар мамандардың жалпы саны – 97. – Өңірде ауыл шаруашылық жануарларының саны осы жылдың 11 айында 4,4 миллионды құрап, республика деңгейінде мал саны бойынша Түркістан облысынан кейін екінші орында тұр. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бері 20 миллион 700 мың доза вакцинациялау және 5 миллион 600 мың мәрте диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностикалық тексерулер арқылы 406 малдың бруцеллез ауруына шалдыққаны белгілі болды. Оның барлығы да қолданыстағы заң аясында санитарлық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеуге жіберілді. Малдың осы кеселге шалдығу дерегі өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға төмендеп отыр. Ветеринариялық қауіпсіздік талаптары басқарма тарапынан қатаң сақталып, қажет кезінде жедел іс-шаралар өткізу үрдіске айналған. Осы семинар ветеринар мамандардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруге үлкен септігін тигізеді деген сенімдемін, – дейді Нұржас Нұржанұлы. Үш күнге созылған іс-шара күйіс қайыратын ұсақ малдың обасы бойынша симуляциялық жаттығуларға жалғасты. Мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар, облыстық ветеринария басқармасы, ауыл әкімдігінің ветеринариялық зертханасы, эпизоотияға қарсы күрес отряды, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық, аудандық аумақтық инспекциясы ветеринар мамандарының практикалық тобын жасақтап, аталған аудандағы Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Сандық-Тау» шаруа қожалығына барды. Онда оба ауруына шалдыққан ұсақ малға ота жасау жұмыстарын жүргізді. Уақ малдың қанына зерттеу жасап, ауруға шалдыққанын анықтап, қауіпсіздендіретін арнайы техниканың көмегімен залалсыздандырып өртеді. Тегінде, қазақ бір-бірімен көріскенде «Мал-жан аман ба?» деп қал-жағдай сұрасқан. Бұл сөздің мәнісі мал аман болса, жанның амандығын, деннің саулығын білдіреді. Ал ауылшаруашылық саласында төрт түлігіміздің түгел болуына, малымыздың амандығы ветеринария мамандарының жұмысымен тікелей байланысты.

Нұржан ӘЛІШ