Биыл азық-түлік тауарлары қай өңірлерде айтарлықтай қымбаттады?
Биыл азық-түлік тауарлары қай өңірлерде айтарлықтай қымбаттады?
Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды – 2,4%. Одан кейін Астана мен Жамбыл облысында да баға айтарлықтай көтерілген – 2,2%. Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді – 31,4%. Екінші және үшінші орында Ақтөбе облысы мен Шымкент тұр – 25,8%. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында – 22,6%. Жемістер мен көкөністер Қазақстанда бір жылда 17,4%-ға қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің бағасы бір жылда 18,9%-ға, көкөністер 11%-ға көтерілді.
Сондай-ақ ақ қырыққабат – 16,5%-ға, сәбіз – 4,6%-ға, ал қызылша – 1,3%-ға арзандады. Қарашада сүт өнімдері жылдық динамикада 30%-ға қымбаттады. Оның ішінде сүт бағасы – 30,3%-ға, сүт консервілері – 42,2%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 31,4%-ға көтерілді. Майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт орташа есеппен литрі 331 теңгеден, майлылығы 3,2%-4% болатын сүттің литрі 417 теңгеден, қаймақ 1 келісі 1,7 мың теңгеден, айранның литрі 365 теңгеден, сүзбе 1,9 мың теңгеден, қатты ірімшік 4,4 мың теңгеден сатылды.
Бірінші санаттағы жұмыртқаның 10 данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға қымбат. Бір жылда нан 19,3%-ға, жарма 36,8%-ға, макарон өнімдері 42,2%-ға, ұн 43,7%-ға қымбаттады. Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанының келісі 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне – 373 теңге, бірінші сұрып – 243 теңге, рожки – 552 теңге, вермишель – 561 теңге, кеспе – 1,1 мың теңгеден сатылды. Дәнді дақылдар: арпа – 44,5% (1 келісі – 368 теңге), қарақұмық – 38,2% (1 келісі – 718 теңге), сұлы – 37,5% (1 келісі – 606 теңге), жарма – 37,1% (1 келісі – 450 теңге), күріш – 33,5% (1 келісі – 489 теңге) тары – 25,2% (1 келісі – 470 теңге) қымбаттады.