Әлеумет

"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады

"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады

WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 tg" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабарды таратушылар бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады. Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе - адамдарға қаражат төленетін валюта - лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді. Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.