Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады - Сенат заңды қабылдады
Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады - Сенат заңды қабылдады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді: 1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу; 2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу. 3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту; 4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.