ТАРТЫСТЫ ТУРНИРДЕ БАЙЗАҚТЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ
ТАРТЫСТЫ ТУРНИРДЕ БАЙЗАҚТЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ
– Жыл сайын елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні кәсіби мерекесі ретінде кең көлемде аталып келеді. Сергектік пен жастықтың мерекесіне айналған бұл күнді барша спортсүйер қауым асыға күтеді. Өйткені Спорт күні – барша халықтың мерейлі мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасауға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында облыста жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Осының барлығы ел болашағы, ұлт келешегі жастарымыздың дені сау, ұлтжанды азамат болулары үшін жасалып жатқан оң қадамдар. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және спорттық табыстар тілеймін! Жамбыл спорты биік белестерден көріне берсін! – деді Н.Әбдімажитұлы. Турнирге қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтаған 35 команда жеңімпаз атану үшін барын салды. Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Ал Сарысу ауданындағы №26 БЖСМ мен №5 ОМБЖСМ командалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.