Спорт

ЖАСӨСПІРІМ КӨКПАРШЫЛАР ЖАРАДЫ

ЖАСӨСПІРІМ КӨКПАРШЫЛАР ЖАРАДЫ

Көкшетауда өткен көкпар мен аударыспақтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Дүбірлі додада Түркістан облысының командасы ел чемпионы атанса, Алматы қаласының көкпаршылары екінші орынға ие болды. Еліміздің барлық өңірінен үздік командалар қатысқан жарыста жамбылдық жасөспірімдер құрамасы үшінші орынды місе тұтты. Құрама жаттықтырушысы – Елдос Асыл.