Жаңалықтар

Шуда полицейлерге шабуыл жасағандар 8 жылға дейін сотталды

Шуда полицейлерге шабуыл жасағандар 8 жылға дейін сотталды

Биылғы 7 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arainfo Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен сегіз тұрғынға 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде. Еске салсақ, 7 мамыр түнгі сағат 01.30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңында полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан болатын. Жүргізуші мен көлікте болған жолаушы құжаттарды көрсету туралы талапты орындаудан бас тартып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Сонымен қатар жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған еді.