Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін марапаттады
Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін марапаттады
Облыстық прокуратура ғимаратында өткен салтанатты шараға сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Алдымен сөз алған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров прокуратура органдарының жұмысының маңыздылығын, аймақтағы сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстарының ауқымдылығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Бас Прокурордың және облыс прокурорының бұйрығымен бірқатар азаматтарға марапаттар тапсырылды. Бұдан соң облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетейік, ағымдағы жылы облыстың прокуратура органдары орын алған заң бұзушылықтар бойынша 993 прокурорлық шара көру актілерін қолданып, нәтижесінде 44 мыңнан астам адамның Конституциялық құқықтарын қорғады. Сондай-ақ, мемлекетке 3,5 млрд. теңгегеден астам қаржылар мен мүліктерді қайтарды. Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлерін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады. Өз кезегінде обллыстық мәслихаттың хатшысы М. Сарыбеков, прокуратура саласының ардагері М. Сатыбалдин және тағы басқалар өздерінің құттықтауларын білдірді.