Жаңалықтар

Тұлпар

Тұлпар

Дауылпазы даламның – сәйгүлiктер, Күндi өңгерiп, желдi айдап, Айды бүктер. Айдау жолды айылдай орап алып, Жұмыр дене сынаптай домаланып. Қиялыңды қияға ала қашып, Бұлдыраған сағыммен араласып, Бура таудың басына күле жетсең, Тақымыңа бiр бұлтты iле кет, сен. Сен онымен əуелi жай жүрiп көр, Өзiң ұшқан ұяға қайырылып кел. Асау арын ырқымен кетпе лағып, Шын жүйрiктер межеге жеткенi анық. Тiзгiндi ұста езуге тiреп тартып, Бiлеу-бiлеу мойнына бiлектi артып. Соның өзi-ақ көзiңнен жас парлатып, Көңiлiңдi əкетер аспандатып. Тағдыры оның – қолыңда, шабандозым, Үмiтпенен тiгедi ел саған көзiн. Алмас қылыш кетiлер тасқа шапсаң, Арғымақ ат қорланар басқа соқсаң. Серт байлаған сапарға сенiп барар, Арман қуған жiгiтке серiк болар, Тұлпар шаппас тұяғы тозу үшiн, Шапса егер – топ жарып, озуы шын.

Ғұсман Жандыбаев