Жаңалықтар

Екібастұздағы ЖЭО басшысы өлі табылды

Екібастұздағы ЖЭО басшысы өлі табылды

Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Өлімнің себептерін полицейлер анықтайды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз жылу орталығы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-да 5 желтоқсанда кешке пайда болды. ЖЭО учаскесінің 33 жастағы басшысы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонында зорлық-зомбылық белгілерінсіз, гараждардың бірінде табылды. Екібастұз полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін және ол бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.