Спорт

Айдос Ербосынұлы ауыр нокауттан кейін елге оралды

Айдос Ербосынұлы ауыр нокауттан кейін елге оралды

Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы елге оралды.

Қараша айының алғашқы аптасында боксшы кубалық Давид Моррелмен кездесуде 12-раундта нокаутқа түсіп, алғаш рет жеңіліс тапқан еді. Содан кейін ол ауыр соққыдан есін жия алмай, ауруханаға жатқызылды. Боксшы АҚШ-та бір ай ауруханада комаға түсіп, одан кейін есін жиып, ем алды. Бұған дейін Айдос Ербосынұлы отандастарымызға Instagram-да видеоүндеу жолдаған болатын. «Маған жанкүйер болған жандардың бәріне Алла разы болсын! Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Айналысып жүрген кәсібіміз – бокс. Ол нағыз ерлердің спорты болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз ғана емес, әйгілі Пакьяолардың өзі ауруханаға талай рет түсіп, рингке мықты болып оралған. Біз де, Иншалла, мықты болып ораламыз. Алла бұйырса, әлі талай жеңістерге жетеміз, чемпиондық белдікті алып келеміз», –  деген еді ол.