Қош бол, диплом!: Енді жұмысқа орналасқанда дипломның болуы міндетті емес
Қош бол, диплом!: Енді жұмысқа орналасқанда дипломның болуы міндетті емес
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жастарды жұмысқа орналасу үшін дипломның болуы міндетті емес, деп хабарлады Arainfo тілшісі.Оның орнына «сертификаттау» жүйесі енгізіледі.
Еңбек министрі Тамара Дүйсенова диплом біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болады, себебі жұмыс берушілердің көбі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Сондықтан Қазақстанда біліктілік пен дағдыларды сертификаттау және бағалау жүйесі енгізілмек. Сертификат тек ресми емес, бейресми (білім беру ұйымдары жүйесінен тыс, онлайн курстар және т.б.) білімі барларға да беріледі.