Әлеумет

Енді таксистер де салық төлейтін болады

Енді таксистер де салық төлейтін болады

Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыс істейтін таксистер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға мәселесі ескерілгенін айтты.